Қарағандыда 3 жасар бала өлімі: Бұрын бір-біріне ғашық болған қыз бен жігіт қайғылы оқиға алдында бірге болған – Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағанды облысында тал түсте анасының қолынан ұрланған үш жасар бала өлі күйінде табылды. Қазір осы оқиға бойынша бір күдікті ұсталды. Ол сәбидің анасына бұрын ғашық болып, екеуі қосыла алмаған.

Қарағандыдағы бала өлімі: Күдікті қарсы болғандықтан сүйіктісінің туысын өлтіріп, түрмеден шыққанда сүйіктісін іздеп барған

1996 жылғы күдікті жігіт бұдан бұрын да осы сүйіктісінің туысын өлтіріп, сотталған екен. Алайда, мерзімінен бұрын шығарылғанын хабарлаған едік. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шет аудандағы шым-шытырық  оқиға 2014 жылдан басталған. Көз жұмған сәбидің анасы мен күдікті Сопыжанов деген жігіт бір-біріне  ғашық болыпты. Бірақ 19-дағы жастардың қарым-қатынасына қыздың туыстары қарсы болған. Бұған ызаланған Игентай Сопыжанов сүйіктісінің туған әпкесін өлтірген.  Осы қылмысы үшін 9 жылға сотталып, алайда мерзімінен бұрын 4 жылда босап шығады.  Осы уақыт аралығында бойжеткен басқа бір адамнан балалы болған.  

«Біз екі тәулік бойы баланы іздестірдің, барлық жерді мұқият қарап шықтық. Ауа-райының қолайсыз болғанына қарамастан Бұрма аулының маңындағы тоғайды тексеру кезінде, әріптесім екеуміз баланы тауып алдық. Сол жерге жедел топты шақырдық. Басшыларға хабар бердік», – деді полиция инспекторы Әлішер Бекбосынов.

Түрмеден келген бойда бұрынғы ғашығын қайта іздеген Сопыжанов  онымен бірнеше күн бірге болады.  Бірақ, экс-сүйіктісі «жігітім мені күштеп ұстады» деп полицияға шағым түсіріпті.  Осыдан басталған жанжал сәбидің өлімімен аяқталды. Күдікті Сопыжанов 22 жастағы келіншекке полициядағы арызын қайтып алуды талап еткен. Ашуға булыққан жігіт 3 жасар Максимді анасының қолынан жұлып алып қашып кеткен.

«9 қыркүйекке қараған түні, сағат түнгі 1 шамасында, Қарағанды қаласының вокзал маңындағы алаңда полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткен жедел іздестіру нәтижесінде кәмелет жасқа толмаған баланы өлтірген деген күдікпен күдікті ұсталды. Қылмыскер Сопыжанов Игентай Кәрімұлы 1996 жылы дүниеге келген, Қарағанды облысы,Шет ауданы, Бурма ауылының тұрғыны. Дәл қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті өз қылмысын мойындады», – деді полицияда.

Сәбиді іздестіру жұмысына 600-дей адам жұмылды. Полиция қызметкерлерінен бөлек, сарбаздар мен еріктілерде бар.  Өкінішке қарай, баланың өлі ауыл маңынан табылды. Қазір күдікті қылмысын мойындаған. Тергеу амалдары жүруде. Сопыжановтың жазасын толық өтемей, мерзімінен бұрын қалай босатылғаны да қайта көтерілуде.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз