Қарағанды облысында мас жедел жәрдем қызметкерлері: Дәрігерлер қылмыстық бап бойынша жұмыстан қуылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағанды облысында науқасқа мас күйінде келген жедел жәрдем қызметкерлері қылмыстық бап бойынша жұмыстан босатылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

мас

Еске салайық, бұған дейін Абай қаласының тұрғыны шақыртуға келген мас жедел жәрдем қызметкерлері түсірілген видео жұрттың талқысына қалған еді. Әйелдің сөзінше, дәрігерлердің мастығы сонша, тіпті, олар дұрыс сөйлей алмай, қисалаңдап тұрған көрінеді. 

Десек те ақ халаттылар өздерінің мастығын мойындамаған көрінеді. Олар дәрігердің тұтығып тұрғанын айтыпты. Медицина қызметкерлеріне сенбеген әйел екінші рет жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болған.

Қызметтік тексеру барысында жедел жәрдем қызметкерлерінің расымен де мас болғандары анықталыпты. Фельдшерлер бұл қылықтарын күні бойы ыңғайсыз қорғаныс киімін киіп жүргендіктен шаршағанымызды басқымыз келіп, алкоголь іштік деп түсіндіріпті. 

Медицина қызметкерлері қылмыстық бап бойынша жұмыстан қуылыпты. Ендігі уақытта олардың ауруханаға қызметке орналасуы екіталай. 

stan.kz