Қарағанды облысында көмір шахтасы өртенді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өрт 100 метр тереңдікте болды. Өрт кезінде шахтада 116 адам болған. Олар шұғыл түрде эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Өрт Қарағанды облысы Шахтинск маңында орналасқан көмір шахтасында, 100 метр тереңдіктер болған, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

«Өрт кезінде шахтада 116 адам болған. Олар сыртқа эвакуацияланды», — деп хабарлады Қазақстанның ІІМ төтенше жағдайлар комитеті.

Оқиға 15 ақпан күні сағат 21:30-да болған. Өрт сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 60 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылған. Шахта «АрселорМитталТеміртау» АҚ-қа тиесілі.   

Тағы оқыңыз: «50 жасты қайтарсын»: қарағандылық шахтер үкіметке өтініш айтты



sputniknews.kz