Қарағанды облысында дәрігерлердің коронавирус жұқтыруына байланысты емхана жабылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Теміртау қаласының № 2 емханасында төрт қызметкерден коронавирус анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

Осы жағдайға байланысты емхана карантинге жабылды. Қазір ғимаратта дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде, тек шұғыл қабылдау кабинеті жұмыс істейді. Барлық медицина қызметкерлерінен СОVID-19-ға сынақ алынады. Карантин кезінде пациенттерді қаланың басқа емханаларына жібереді.

Бүгінгі таңда Теміртауда коронавирус жұқтырғандар саны 14 адамға жетті. Соңғы оқиға 53 жастағы ер адамнан анықталды. Ол бұрын жұқтырған пациентпен жақын байланысқандар тізіміне енген. Үй карантинінде болған.

Қарағанды облысында барлығы 78 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 1 науқас көз жұмып, 1 адам сауықты.

stan.kz