Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

0

2018 жылғы 28 желтоқсан 22:11 167

Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

 
АСТАНА. ҚазАқпарат — Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасы тағайындалды. Бұл лауазымға осыған дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот жанындағы сот қызметтерін қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі қызметін атқарған Нұрсерік Шәріпов тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің бапасөз қызметі.

Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов 1965 жылы дүниеге келген. 1990 жылы Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары бірімін алған.

Еңбек жолын 1988 жылы бастаған. Сол уақыттан бері 1990 жылға дейінгі аралықта Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетінің Комсомол комитетінің хатшысы болған. 1990 жылдан 1992 жылға дейінгі аралықта Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік құқық кафедрасында ассистент қызметінде жұмыс атқарған. 
Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының азаматтық рақымшылық бойынша бөлімінің аға референті болды. 1995 жылы оны Алматы қаласының Фрунзе ауданының, ал 1996 жылы — Медеу ауданының халықтық сот судьясы қызметіне тағайындаған.

2007 жылы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы ретінде тағайындалды. 2008-2010 жылдар аралығында Маңғыстау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болды. 2010 жылы осы сотта аппеляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарды. 2012 жылы Оңтүстік-Қазақстан облыстық сотының төрағасы болды. 2017-ші жылдан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанындағы сот қызметтерін қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі қызметін атқарды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Нұрсерік Шәріповтың судьялық корпусымен кездесуі барысында Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов болды.

— Бұл сіздің өміріңіздегі жаңа кезең. Мен сізге шын жүректен алдыңызға қойылған барлық мақсаттарыңыз орындалсын деп туілеймін, — деді ол.

Қарағанды облыстық сотының Төрағасы қызметіне тағайындалуымен аймақ басшысы Ерлан Қошанов та құттықтады.

— Біз облысымызға осындай тәжірибелі, кәсіби маман келгеніне өте қуаныштымыз. Сізге дейін алдағы ізсалушыңыз жасап кеткен жақсы бастамаларды жалғастырарсыз деп үміттенеміз. Жұмысыңызға жеміс тілеймін, — деді ол.

Осыған дейін Қарағанды облыстық сот төрағасы қызметін Мұсабек Әлімбеков атқарған болатын. Ол аталмыш лауазымда 2014-шы жылдан бері қызмет етті.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz