Қарағанды маңында болған ұшақ апатының болжалды себептері айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов Қарағанды облысында ұшақ апатының құлау себептерінің бірнеше нұсқасын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әскери ұшақ

Қазіргі таңда әскери ұшақтың құлау себептерін анықтаумен арнайы комиссия айналысуда. Десек те қазірдің өзінде ұшақ апатының себебі ретінде бірнеше нұсқа айтылып жүр екен. 

«Алдын ала бірнәрсе айту дұрыс емес. Бұл жағдайды мамандандырылған комиссия тексереді. Олар авиациялық техникада ақаудың неден шыққанын анықтап, апаттың нақты себептерін жариялайды», — деді ол. 

Қазір мамандар бірнеше апат себебін қарастырып жатқан көрінеді. 

«Авиациялық бірліктің әуеде ақауға ұшырауы, сыртқы және адам факторлары да есепке алынады», — деді Орманбетов. 

Сондай-ақ ол ұшақ жерге құламай тұрып, ұшақтан секіріп үлгерген пилоттардың кәсіби ережелерге сай қимылдағанын алға тартты. 

«Экипаж мүшелері апатты болдырмау үшін, ұшақтың істен шықпауы үшін тырысып, қолдарынан келгеннін бәрін жасаған. Алайда ұшақтағы ақаудың салдарынан апат орын алып отыр», — деп қосты Орманбетов. 

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қазақстандықтарды ресми мәліметтердің жария болуын күтуге шақырды.

Еске салайық, 16 сәуір күні кешке әскери ұшақ құлағаны туралы айтылған еді. Осыған байланысты Қазақстанда МиГ-31 әскери ұшақтардың ұшуы тоқтатылыпты. Дәрігерлер ұшқыштардың жағдай тұрақты деп айтқан болатын.


Қарағанды маңында орын алған ұшақ апаты жайлы толық ақпарат жарияланды

stan.kz