Қанша қытай Қазақстан азаматтығын алғаны белгілі болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Сенатор Қазақстанда азаматтық алу оңай, әсіресе, қытайлықтар азаматтық көп алып жатыр деген БАҚ-та жиі көтерілетін мәселеге тоқталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Соңғы 29 жыл ішінде қытай ұлтының 4 азаматы ғана Қазақстан азаматтығын алған. Бұл туралы сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Қазақстанда азаматтық алу оңай, әсіресе қытайлықтар азаматтық көп алып жатыр деген мәліметтер БАҚ-та жиі көтеріледі. Талдау барысында мұның барлығы негізсіз екені айқындалды. Соңғы 29 жылдың ішінде Қазақстан азаматтығын қытай ұлтының 4 азаматы ғана алған», – деді депутат сенаттың жалпы отырысында.

Сонымен қатар, ол Қазақстаннан көшіп жатқан азаматтардың көбеюіне алаңдаушылық білдірді. 
Ресми мәліметтерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстанда халық саны 11%, көрші Өзбекстанда 60%,  Тәжікстанда 68%, Қырғыстанда 43%-ке өскен. 

«Біздің ел үшін басты қауіп – елден көшіп кету. 1991-2018 жылдар аралығында Қазақстаннан басқа елдерге көшіп кеткен адамдар саны 3,7 миллионға жеткен. Тек соңғы он жылдың ішінде Қазақстаннан Ресейге 300 мың адам қоныс аударды», – деді сенатор. 

Елден қоныс аударғандардың 44 проценті 15 пен 34 жасқа дейінгі жастар. Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, бұл еңбек ресурстарының тұрақты азаюын көрсетеді. 

«Сарапшылардың пікірінше, шет елдерде 7 миллион этникалық қазақ тұрады екен. Бұл Қазақстанда тұрып жатқан 18,5 миилион халықтың 38%-ін құрайды. Демографиялық аспектіде үлкен әлеует болып табылатын осы ресурстарды дұрыс пайдаланудамыз ба?! Өкінішке  қарай жоқ», – деп қапаланды депутат. 

Тағы оқыңыз: Қытай түрмесінде отырған қазақ қызының әке-шешесіне жазған хаты жарияланды

Оның пікірінше, ел үкіметі көші-қон жөнінде бүгінгі заман талабына сай жаңа құжат дайындап, соған орай нақты іс-шаралар қабылдауы тиіс. 

«Сырт жерлердегі сан миллион ағайынымыздың атамекенге түпкілікті келемін деген ыстық ықыласын суытып алмай, сағынышы мен сүйіспеншілігіне сызат түсірмей, қазақ көшін қайта жаңғыртуымыз керек. Өйткені Қазақстан – шеттегі қандастарымыздың жалғыз рухани отаны. Әлеуметтік сауалнамаларға сүйенсек, Қазақстанға шетелден 1,5 миллион этникалық қазақ тұрақты қоныс аударғысы келеді. Солай бола тұра соңғы 8 жылда қандастар легі жылына небары 10 мың адамды ғана қамтыған», – деді Мұрат Бақтиярұлы. 

Сенатор халық санын арттыру үшін шетелдегі қандастарды қолдау бағдарламасын , яғни репатрианттарды әлеуметтік-экономикалық қолдаудың кешенді шараларын қамтыған арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдау қажет деп санайды.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз