Қанат Үмбетов Димаш Құдайбергеннің әндері туралы айтты

0

Әнші қазақстандық танымал жұлдыз Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдай алмайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Қанат Үмбетов Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген көзқарасымен бөлісті.

Ол «Біздің эстрада Димаштың бағытында дамыса, қалай қарайсыз» деген сауалға Нұрсұлтан Құрманның бағдарламасындағы сұқбатында жауап берді.

«Қаламайтын едім. Мен өз басым Димаштың концертіне барып, басынан-аяғына дейін отыра алмайтын едім. Димаш мықты әнші. Оны әлем мойындады. Диапазоны қандай!?», – деді әнші.

Алайда өзі Димашты сүйіп тыңдай алмайтынын жасырмады.  

Тағы оқыңыз: Бесбаев: ата-бабама тіл тигізгесін, ашуланып кеттім 

«Өзім қатты айқайлай берген әндерді тыңдай алмаймын. Табиғатым сондай. Димаш болсын, басқа болсын. Тыңдаймын, бірақ ортасына келіп айқайлағанда өшіріп тастаймын», – деді Қанат Үмбетов.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз