«Қалың көрпе жауып, ауа жетпей қалған»: Егіз баласын өлтіріп алған әйелге үкім шықты – Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағандыда егіз баласын өлтіріп алған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Бұл әрекетке абайсыздан барғанын айтқан анаға 2 жарым жыл шартты жаза кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

егіз бала

Балаларын байқамай өлтіріп алған ол әу баста өз кінәсін мойындап, ағынан жарылған. Әйел ішімдікке тойып алып, балалардың үстіне қалың көрпені жаба салғанын жасырмайды. Содан бүлдіршіндерге ауа жетпей қалған.

Сот процесі бір апатаға да созылған жоқ. Өз кінәсін мойындаған сотталушыға ауыр жаза қолданылмады.

«Сот оның бұған дейін сотталмағанын, екі баласы барын және қылмысын мойындағанын ескерді. Сондықтан екі жыл алты ай мерзімге бостандығын шектеу жазасына кесті», – дейді судья Еркеш Мәукен.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз