Қаламқас кен орнында 18 адамда COVID-19 расталды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы вирус жұқтырғандардың бәріне тиісті көмек көрсетілетінін айтты. Қаламқас кен орны штаттық режимде жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Маңғыстау облысындағы Қаламқас мұнай-газ кен орнында 18 адамда коронавирус расталды.

Науқастар инфекциялық стационарға жеткізілді, деп хабарлады «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы.

«Қазіргі уақытта (5 маусым) COVID-19 диагнозы Қаламқас кен орнында 18 адамда расталды. Арасында біздің қызметкерлер де, сервистік компания өкілдері де бар. Олардың бәрі Ақтау қаласындағы инфекциялық стационарға жеткізілді», – деді Sputnik Қазақстанның сауалына «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы.

Қаламқас кен орны штаттық режимде жұмыс істейді. Тек жатақхана блогы карантинге жабылды. Жұмыстан соң барлық қызметкерлердің дене қызуы тексеріледі. 

Өткен аптада, 29 мамыр күні қызметкерлердің бірінің температурасы 39 градусқа дейін көтерілген. Ол провизорлық стационарға жатқызылды. Коронавирус расталған соң жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Жергілікті мемлекеттік органдар мен компания басшылығының рұқсатынсыз Қаламқасқа кіріп-шығуға тыйым салынған.

Маңғыстау облысында барлығы 319 адам коронавирус жұқтырды. 161 адам жазылып шықты, бір адам қайтыс болды. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз