Қалаған жеріңе бар! Қазақстан өңірлері арасындағы блок бекеттер алынды

0

Екі ай бойы республиканың өңірлерін бір-бірінен оқшаулап тұрған бақылау-өткізу пункттері алынып тасталды

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстанда 1 маусымға қараған түні бекеттер алынып тасталды.

Енді қазақстандықтар автокөлікпен республиканың басқа облыстарына бара алады. 5 маусымнан бастап республикада қалааралық автобустарды қайта іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен бірге азаматтар санитарлық нормаларды сақтауды жалғастыруы керек.

Тағы 450 адам індетке шалдықты: науқастардың саны он бір мыңнан асты 

«Ел ішінде қоныс аударуға тыйымның алынып тасталуы тұтастай алғанда, ел бойынша ауру деңгейінің аймақтар арасында теңескенін білдіреді. Енді азаматтарды қоныс аударудан қорғаудың қажеті жоқ», — деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Дегенмен, облыс әкімдіктерінің шешімімен коронавирус инфекциясының ошақтары бар жерлерде жергілікті блок бекеттер болуы мүмкін.

Қазақстанда 610 автобуспен 88 тасымалдаушы жұмыс істейтін 313 қалааралық бағдар бар (III класты автобустардың сыйымдылығы 45-55 орындыққа шақталған).



sputniknews.kz