Қала әкімдігі алматылықтарды зарарсыздандыру жұмыстарынан кейін далаға шықпауды сұрады – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын зарарсыздандыру шараларынан кейін далаға шықпауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дезинфекция

25 наурыздан бастап Алматы әкімдігі қаладағы тұрғын үйлердің подьездерін дезинфекциялау жұмыстарын бастады

«Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы қала жолдарын күніне 2 рет жууды жоспарлап отыр. Ол үшін 90 жуу техникасы, 54 тротуар жинау техникасы, 962 жұмыскер жұмылдырылды. Тағы 112 адам урналар, орындықтар мен аялдамаларды зарарсыздандырумен айналысады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Бүгін 25 наурызда таңғы 9-дан 32 бригада подьездерді жууды бастады. Барлығы 2868 үйдің 8633 подьезі мен 1441 ауласын зарарсыздандыру жоспарда бар.

«Жұмыс бастамас бұрын дыбыс зорайтқыш арқылы жарияланады. Өңдеуден соң әр подьезге кезекті өңдеу графигі ілінеді. Бүгін сонымен қатар, Есентай, Үлкен Алматы және Теренкур өзендерінің жағалауы өңделеді», – деді әкімдік қызметкерлері.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз