Қайыршы, кедей мемлекеттің кедей мұғалімімін»: Алматы облысының мұғалімі жанайқайын жеткізді – Қазақстан жаңалықтары

0

Барлық білім беру орындары қашықтан оқуға көшкелі бері интернет желісінің кейбір ауылдарда әлі де болса жетпегені үлкен мәселеге айналды. Дәл осы олқылықтың бір ұшын әлеуметтік желілердің бірінде жас мұғалім айтып, білім министрлігіне жайнайқайын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

майра байбулатова

Алматы облысы Көксу ауданының Мұқыр ауылында тұратын Майра Байбулатова Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектепте қазақ тілі пәні мұғалімі.  Қашықтан оқуға көшекелі бері туысының үйіне барып жұмыс істеуге тура келгенін айтып министрге үндеу жасады. Бұған себеп ауылындағы интернет жоқтығы себеп. 

«Түн ортасында көшеде жүруімнің себебі үйімде интернет жоқ. Менің үйімде Wi-Fi жоқ. Қазір міне, kundelik.kz-ке кіру үшін осылай ноутбуuымды арқалап, осы ауылда тұратын сіңлімнің үйіне барамын. Ол қыз көпбалалы ана. Баламен улап-шуыллап, ноутбугымды арқалап жүріп жұмыс істеймін. Менің өзге үйге барып жұмыс істегенім, ол отбасының берекесін алғаным дұрыс емес. Бірақ амал не үйде интернет жоқ болған соң ауылымда Wi-Fi жоқ болған соң осылай жүруіме тура келеді», – дейді Майра Байбулатова. 

Оның түн ортасына көше кезіп жүруі тікелей қашықтан оқу режіме кқшумен байланысты. 

«Бүгін екінші күн осылай жүрмін. Екі күннің өзінде біреудің үйіне барып жұмыс істеу өте қиын. Ұялы телефонымның күші kundelik.kz-ке кіру үшін жетпейді. Сондықтан Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы ауылда екі көшенің ортасында сабылып жүрген мен үшін өте қиын және карантин кезінде осылай жүруге бола ма? Барлығы осы ұрпақтың қамы үшін! Қайтсем оқытамын, жеткіземін, қайтсем ақшамды табамын, кредитімді жабамын, елден қалмаймын деп жүрген мен сияқты жас мұғалімге өте ауыр. Бұл қазақ еліндегі жалғыз менің ғана жанайқайым емес. Республика бойынша қанша мұғалім осылай жүр екен?! Дайын үйде отырып, интернеті бар үйде жұмыс істеп жүрген мұғалім емеспін. Басымда баспанам жоқ, пәтер жалдап тұратын, сол пәтерінде Wi-Fi жоқ, қайыршы, кедей мемлекеттің кедей мұғалімімін. Сол үшін өкпелімін», – деп көзіне жас алды мұғалім.

«Жағдайың болмаса сенің білімің ешкімге қажет емес. Мұндай мұғалім алдындағы баланы қалай тәрбиелейді, қалай ол ұрпаққа ұлттық рух, патриоттық сезім дегенді қалай ұғындырады», – деп ішіндегі жанайқайын жеткізді. 

Бүгін таңертең жергілікті атқарушы билік органдары, аудан әкімдігі интернет желісіне қосылу, болашақта баспаналы болу мәселесін шешіп беретіндерін жеткізген. Бұл туралы Майра Байбулатованың өзі айтып, қайыршы, кедей мемлекет дегені үшін жұртшылықтан кешірім сұрады. 

 

 

 

 



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз