Қадыров шашын тақырлап алғызып, басқаларын өзінен үлгі алуға шақырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров шашын тақырлап алып, басқа да ер азаматтарды өзінен үлгі алуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қадыров

«Шаштараздар қазір жұмыс жасамайды. Сол себепті мен біздің аталарымыз сияқты шашымды алып тастадым. Оның үстіне бұл өте пайдалы. Біздің пайғамбарымызда шашын алып тастайтын болған. Сіздер де осылай жасаңыздар», — депті ол. 

Бұған дейін Шешенстан азаматтары елдегі шаштараздар мен сән салондарын ашуды өтініпті. Оларға жауап ретінде Қадыров ерлерге шаштарынды тақырлап алғызыңдар деп айтыпты. 

 

Қазір Шешенстанда коронавирус жұқтырған 303 науқас тіркелген. 

Еске салайық, бұған дейін Қадыров карантин ережелерін бұзғандарды өлім жазасына кесу керек деп айтқан болатын. 

 



stan.kz