Путинге «жамандықтан қорғайтын» қамшы сыйға тартылды (фото)

0

Петропавлға ат басын бұрған Ресей президенті Владимир Путинге қолдан жасалған қамшы сыйға тартылды деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

укцру

Фото: РИА Новости

Назарбаев пен Путин теннис орталығының ғимаратында орналасқан «Туризмді дамытудағы жаңа көзқарас» атты екі елдің көрмесінде болды.

Мемлекет басшылары экскурсия жүргізушілерді тыңдап, көрме қатысушыларымен сөйлесті.

Көрмені аралау барысында Гиннес рекордтар кітабына енген Сергей Цырульников ресейлік қонаққа бірнеше секунд ішінде қалың шегеден түйін жасап берді.

укцру

Фото: РИА Новости

Сондай-ақ, Путинге қолдан жасалған «Алдияр» қамшысы сыйға берілді.

Сыйлыққа риза болған Владимир Путин оны қолында ұстап тұрып, алғысын жаудырды.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде қазақтың наным-сенімдері бойынша, мұндай қамшының жамандықтан қорғайтынын атап өтті.

укцру

Фото: РИА Новости