Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен пилот қаза болды

0

Ұшқыш тікұшақ апатынан көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Біріккен аса жеңіл авиация федерациясының президенті, Ресейдің мемлекет басшысы Владимир Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен Игорь Никитин тікұшақ апатынан қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Федерация мен төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, Игорь Никитин Мәскеу түбіндегі Барская ауылы жанында Robinson тікұшағының қатты қонуы салдарынан көз жұмған.

Айта кетсек, 2012 жылы Никитин Путинді дельтапланмен ұшуға үйретіп, соның арқасында Ресей президенті ақтырналардың «жолбасшысы» атанған еді.

Мемлекет басшысы ақтырналардың жылы жаққа ұшуына көмектескен болатын. Ол үшін Путин өз қаражатына дельтаплан сатып алып, 14 сағат ұшып дайындалды.

Ақтырналар Қызыл кітапқа енген.



sputniknews.kz