Путин сыңарын тарту туралы ұсыныстан бас тартқанын жеткізді — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресей басшысы Владимир Путин өзінің қауіпсіздігі үшін оған ұқсайтын сыңарын тарту туралы бастама 2000 жылдан бері айтылып келе жатқандығын жеткізді. Десек те ол бұл ұсыныстан бас тартыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Путин Сауд Арабиясындағы шабуылға қатысты Құран сөзімен жауап берді

«Егіз адамды тарту туралы ұсыныс келіп түскен, бірақ мен одан бас тарттым. Ол кезде терроризм өршіп тұрған уақыт еді», — дейді Путин.

Оның айтуынша, 2000 жылдары президенттің орнына оның сыңары шығып жүр деген қауесет әңгіме жиі айтылған. Бірақ Путин ешқашан бұлай істемегені жайлы айтып кетті. 

Ресей президентінен сұқбат алған журналист Андрей Ванденко мемлекеттегі интернетте ең жиі ізделінетін сұратылым «Путиннің сыңары бар ма» деген сұрақ екендігін анықтапты. 20 жыл бұрын да ресейліктер осы сұрақтың жауабын білгісі келіп, дал болыпты. Мысал ретінде тікелей эфир кезінде Костром облысының тұрғыны мемлекет басшысына дәл осындай сұрақ қойыпты. Әлгі сұрақ қойған әйел өзінің сөзіне дәйек ретінде, Путиннің бірнеше кездесулерді бірден өткізіп жүргендігін алға тартыпты. 

Осыған ұқсас жағдай 2009 жылы да қайталаныпты. Бір күні президент пен сол кездегі Ресей премьері Дмитрий Медведев серуендеуге көшеге шықса, жолда кетіп бара жатқан бір әйел «мыналар шенеуніктердің сыңарлары ғой» деп айтыпты. Сөйтсе Медведев саспастан, «жоқ, біз сол адамдардың өздеріміз» деп жауап беріпті. 

Ал 2000 жыды РФ-тың федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы болған Евгений Муров та Путиннің сыңары жоқ екендігін ашып айтыпты. Ол өз сөзінде айтылып жүрген сөздердің бәрі тек қауесет деген көрінеді. 

 

 

stan.kz