Путин мен Зеленскийдің кездесуі жайлы Елбасы ұсынысына түсініктеме берілді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев «норманд форматы» аясындағы келіссөздерді қолдайды, деп мәлімдеді Қазақстан тұңғыш президентінің кеңесшісі Әділ Тұрсынов

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «норманд форматындағы» келіссөздерді Ресей мен Украина президенттерінің жеке жүздесуіне алмастыруды ұсынған жоқ, деп тұңғыш президенттің кеңесші Әділ Тұрсынов Sputnik Қазақстанға түсініктеме берді.

«Нұрсұлтан Назарбаев «норманд форматы» аясында мүдделі тараптардың алдағы жоспарларына қолдау білдірді. Яғни, бұнда төртжақты форматтағы кездесуді «тет-а-тет» келіссөздеріне алмастыру керек немесе жеке жүздесуді бірінші жиыннан бұрын өткізу қажет деген ешқандай ой жоқ», — деді Тұрсынов.

«Норманд форматы», Минск алаңы мен тікелей Ресей-Украина келіссөздері бір-бірін жоққа шығармайды әрі ортақ процестің бір-бірін өзара толықтыратын құрамдастары бола алады, деп мәлімдеді ол.

Тағы оқыңыз: Украина Назарбаевтың Путин мен Зеленскийді кездестіру туралы ұсынысына түсініктеме берді 

Елбасы кеңесшісінің айтуынша, Назарбаевтың бастамасы Украина президенті Владимир Зеленскиймен де, Ресей басшысы Владимир Путинмен де талқыланған.

«Бұл тұста, келіссөздерге келісім берілсе, тараптар оған дайындалуы тиіс екені мәлім. Біз «кездесу мақсатында кездесудің келешегі жоқ» деген пікірді қолдаймыз», — деп түсініктеме берді Тұрсынов.

Қазақстанның тұңғыш президенті «біздің тарап үшін көшбасшылар келіссөздері қай астанада өтетіні маңызды емес» деп бірнеше мәрте айтқан болатын.

Әлем саясаткерлері Елбасы ұсынысын қолдайды

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ресей мен Украина президенттерінің жеке жүздесуі» туралы бастамасын әлемнің көптеген саясаткерлері мен сарапшылары қолдайды, деп атап өтті Тұрсынов.

«Ресей мен Украина күн тәртібінде «норманд форматының» негізгі тақырыбына кірмейтін және Мәскеу мен Киевтің тікелей диалогы барысында шешуге болатын бірқатар маңызды мәселе бар», — деп пікір білдірді Елбасы кеңесшісі.

Оның айтуынша, тұңғыш президенттің ұсынысын өзінің көпжылдық, сәтті бітімгерлік саясатының бір тармағы ретінде қарастыру керек.

Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club диалог алаңындағы пікірсайыс барысында Путин мен Зеленский келіссөздерін Қазақстанда өткізуді ұсынған болатын.

Тағы оқыңыз: Назарбаев ұсыныс жасады: Кремльдің жауабы қандай?

Бастамаға қатысты ешқандай ресми құжат рәсімделген жоқ.

Франция, Ресей, Германия мен Украина басшылары қатысатын, Украина дағдарысын реттеу проблемаларына арналған «норманд төрттігі» саммиті 9 желтоқсанда Парижде өтеді деп жоспарланып отыр.



sputniknews.kz