Путин мен қонақтар Жеңіс парады кезінде трибунада болады – Песков

0

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Дмитрий Песков 24 маусымда Мәскеуде өтетін Жеңіс парады кезінде Ресей басшысы мен құрметті қонақтар қайда отыратынын айтты   

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен Мәскеудегі Жеңіс парадына шақырылған қонақтар трибунада отырады. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

«Әрине, президент пен қонақтар трибунада болады. Шетелдік мемлекет басшылары қатысады», – деді Песков «Россия 1» телеарнасындағы «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасында.

Трибунада кім қайда жайғасатыны туралы мәселе әлі нақтыланбады, деп толықтырды ол.

Жеңіс парады қашан өтеді

24 маусымда Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс парады өтеді, «Мәңгілік даңқ» шеруі 26 шілдеге жоспарланған. Бұл туралы бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгумен жұмыс кездесуі кезінде мәлімдеді.

Ресей басшысы парадқа дайындық жасап, өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Тоқаев Жеңіс парадына барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде баратынын хабарлады. Мемлекет басшысы Владимир Путиннің шақыруын ризашылықпен қабылдағанын жазды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан президенті Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады

2020 жылы 9 мамырда Қазақстан мен Ресейде коронавирусқа байланысты әскери парад өткізілген жоқ. «Мәңгілік даңқ» шеруі онлайн режимінде өтті.  

Мәскеуде ресми тұлғалардың қатысуымен парадтың әуе бөлігі мен еске алу шаралары ғана ұйымдастырылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз