Путин мен Ердоған келіссөздерден кейін бірлескен мәлімдеме жасады

0

Ресей мен Түркия президенттері келіссөздердің қорытындысы бойынша Астана процесі форматындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Бейсенбі күні Мәскеуде Ресей және Түркия басшылары Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған арасында келіссөздер өтті, талқылаудың басты тақырыбы Сирияның Идлиб провинциясындағы жағдай болды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар «Астана форматын» жақтайтындарын растап, 6 наурызда түн ортасынан бастап атысты тоқтату режимі енгізілгенін жариялады. Сондай-ақ Ресей мен Түркия қазіргі уақытта содырлардың бақылауында тұрған М4 тасжолын бірлесіп күзетуге келісті, деп жазды РИА Новости.

Келіссөздер қалай өтті

Екі ел басшылары төрт сағат бойы келіссөз жүргізді, содан кейін президенттерге олардың делегациялары қосылды.

Жалпы келіссөздер алты сағатқа созылды. Олардың қорытындысы бойынша, президенттер «Астана форматын» жақтайтындарын растап, 6 наурызда түн ортасынан бастап атысты тоқтату режимі енгізілгенін жариялады.

«Ресейдің «Хмеймим» базасына радикалдардың шабуылы жалғасып жатыр. 1 наурызда оған дүркіндетіп ату реактивті жүйелерінен шабуылдауға тағы да әрекет жасалды. Осы жылдың басынан бері «Хмеймимге» 15 рет шабуылдады. Әр жолы бұл туралы түрік серіктестерімізге хабарлап отырдық», – деді Путин келіссөздерден кейін.

Ал Ердоған Түркия «Сирия режимінің барлық шабуылына дербес жауап беру құқығын өзінде қалдырады» деп мәлімдеді.


©
Sputnik / Сергей Гунеев

Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездесті

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров оқыған бірлескен мәлімдемеде тағы бір маңызды келісім жарияланды: Ресей мен Түркия Сириядағы Латакия мен Алеппоны байланыстыратын M4 тасжолынан солтүстікке және оңтүстікке қарай алты шақырым жерде қауіпсіздік дәлізін құрады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев «Жусан» операциясы кезінде көмектескен Кувейтке алғыс айтты 

«Қауіпсіздік дәлізі жұмысының нақты параметрлерін Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасының қорғаныс министрліктері жеті күн ішінде келіседі», – деп хабарлады Лавров.

Идлибтегі жағдай ушықты

Идлиб деэскалация аймағы – 2017 жылы Сирияда құрылған төрт аймақтың бірі, бұл аймақ ресми Дамасктің емес, содырлар мен оппозицияның бақылауында. Идлиб деэскалация аймағындағы ахуал қаңтар айының соңында ушығып кетті – Сирия әскері Ресей әуе күштерінің қолдауымен содырлардың шебіне шабуыл жасады («Идлиб таңы» операциясы). Әскер тез арада Маарет-Нууман және Саракеб сияқты ірі қалаларды, сонымен қатар 215-ке тарта елді мекенді және 1,6 мың шаршы шақырым аумақты басып алды. Сонымен қатар, M5 Дамаск-Алеппо тасжолы бақылауға алынды, онда азаматтық көлік қозғалысы қайта жанданды.

Дегенмен кейін іске түрік әскері араласып кетті – оның қолдауымен содырлар әскер иемденген аудандардың бір бөлігін қайтарып алуға тырысты. Атап айтқанда, содырлар Саракебті өз бақылауына алды, бірақ кейін әскер қаланы қайта босата бастады. Қазір қалада атыс болып жатыр, бірақ ол тұтастай алғанда Дамасктің бақылауында. Қаланы Ресей әскери полициясы күзетуге кірісті.

Түркия мен Сирия Идлибтегі әскери ұрыстар кезінде бір-біріне айтарлықтай залал келтірді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз