Психолог босанудан кейінгі күйзелістің симптомдары мен тиімді емдеу тәсілін айтты

0

Психолог босанудан кейінгі күйзелістің симптомдары мен тиімді емдеу тәсілін айтты

Белгілі психолог Михаил Лабковский  босанудан кейінгі күйзелістің симптомдары жайлы айтты. Мазасыздық,эмоционалдық тұрақсыздық немесе эмоцияның болмауы, өмірдің мәнсіз болып көрінуі, жігерсіздік, агрессия күйзелістің симпомдары дейді. Және оны  серуендеу немесе құрбылармен кездесу арқылы емдеу мүмкін емес екен.


 
«Ол «Өзіңді қолға ал», «Сен анасың» деген сияқыты сөздермен емделмейді. Күйзелісті тек медикаментпен емдеуге болады. Бірақ бала емізетін аналарға дәрі-дәрмекті абайлап ішу қажет. Ал баланың жағдайы тікелей анасының күйіне тәуелді. Анасының күйзелісі оған беріледі, ол бәрін сезеді. Күйзелісте жүрген аналардың балалары мазасыз келеді. Бұл күйзелісті емдеу үшін психотерапевт пен психологқа бару керек»-дейді Лабковский.

Дереккөз: Сегодня

Дереккөз: http://reactor.inform.kz