Президентке қосымша өкілеттер беріледі – Қазақстан жаңалықтары

0

Сенат президенттің соғыс жағдайы мәселелеріндегі өкілеттігін кеңейтетін заң жобасын қарап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – қарулы күштер бас штабының бастығы Мұрат Бектанов мемлекет басшысына бейбіт уақытта соғыс жағдайын анықтау бойынша қосымша өкілеттер беруді жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Соғыс жағдайы туралы Заңды келесідей толықтыру жоспарланып отыр: «Қазақстан президенті бейбіт уақытта соғыс жағдайы шараларын қолдану тәртібін анықтайды, Қазақстан Қарулы күштері жоғарғы бас қолбасшылығының ставкасы туралы ережені, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері туралы ережені, соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан үкіметінің қызметін ұйымдастыру туралы ережені, сондай – ақ соғыс жағдайы кезеңінде оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар туралы ережені бекітеді», – деді Бектанов Сенатта.

Заң жобасының негізгі мақсаты – мемлекеттің қорғаныс және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындық жүйесін жетілдіру, республиканың соғыс жағдайы саласындағы заңнамалық актілерін әскери қақтығыстар сипатындағы әлеуетті әскери қатерлерге және өзгерістерге сәйкес келтіру.

Бұдан басқа, түзетулер күзетілетін тұлғалар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады.

Сондай-ақ, құжат арқылы соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында күзетке және қорғанысқа жататын объектілерді дайындау, инженерлік-техникалық нығайтылу және диверсияға қарсы қауіпсіздік, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құзыреті бекітіледі.

Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз