Президент сайлауы: қазақстандықтардың 35,1%-і дауыс берді

0

Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорда уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 35,1%-і дауы беріп үлгерді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетсек, сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.

Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.

Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат төрағасы Дариға Назарбаева, үкімет басшысы Асқар Мамин, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері дауыс беріп үлгерді.

Президентікке үміткерлер

Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз