Президент қол қойды: Қазақстанда мәйіттің сау органы қызу саудаға түсуі мүмкін

0

Десек те, тармақты қайталап мың рет оқысаңыз да, бір түсінбейтін тұсы бар. «Тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі» дейді. Бұл не? Тірі кезде түсінікті. Ал өлген адам қалай өз еркімен органын құрбандыққа шалады? Әлде, біздің дәрігерлер әруақтармен тілдесетін қасиетке ие ме?

Астанада отшашу болды деп, ертесіне даурығып жатқан күн есіңізде ме? Міне, сол күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске қол қойды. Былтырдан бері халықтың қарсылығына ұшыраған бұл кодексте донорлық, яғни мәйіттің органын алу туралы баптар бар.

Адам көзі тірісінде ағзасын беруден бас тартып, оны заңдастырып тіркемесе, дәрігерлер ол адам қайтыс болған соң қажет деп тапса, сау ағзаларын алуға құқылы болады. Бұл заңға аздап өзгерту енгізілді, егер артында қалған арнайы өсиет хаты болмаса, туыстарының бірінің келісімін алу міндетті.

Сонымен, жаңа заң бойынша мәйіттің мәселесі қалай шешіледі екен, талдап көрейікші. «Әділет» сайтында жарияланған заңның 29-4 бабында сау органдарды Еуразиялық одаққа кірмейтін елдерге беруге және осы елдерден әкелуге арнайы лицензия алынатынын көрсетіпті. Демек, енді мәйіттің жарамды органдары шетелге беймарал сатылады. Бұған дейін өлген адамның органдары астыртын, жасырын саудаланса, енді ешқандай кедергі жоқ. Бар болғаны осы кодекстің 142-бабын баппен жүзеге асырса, жеткілікті.

«Анатомиялық сый» деп аталатын бұл бапта «әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, оны тиісінше ресімдеген шарты немесе өсиеті арқылы адам жүзеге асырады». Бұл тармақты өзіміздің түсінікті қазақшамызға аударсақ, «көзіңіз тіріде арнайы өсиет ретінде «сау органымды алуға қарсы емеспін» немесе «анатомиялық сыйлық болғым келеді» деп хат жазу керегін айтады.

Десек те, тармақты қайталап мың рет оқысаңыз да, бір түсінбейтін тұсы бар. «Тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі» дейді. Бұл не? Тірі кезде түсінікті. Ал өлген адам қалай өз еркімен органын құрбандыққа шалады? Әлде, біздің дәрігерлер әруақтармен тілдесетін қасиетке ие ме?

«Өсиет қалдырған мәйіттен бөлек, табылған күннен бастап 45 күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады» екен. Алдағы уақытта еліміз бомж атаулыдан тып-типыл тазарып жатса, олардың сөзсіз «анатомиялық сыйлыққа» айналғанына күмәніңіз болмасын. Сыйлық қана болмай, тірі кезінде көрмеген шетелді органдары «көретіні» тағы бар.

«Анатомиялық сый биологиялық-медициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін» деп көрсетіліпті заң тармағында. Басқа – басқа, Қазақстанда қандай ғылыми зерттеу жасалмақ? Ол зерттеуді қай ғалым жасауы мүмкін? Ғылыми атағын қара еңбекпен алғандардан гөрі, сатып алғандары өте көп біздің елде ғылым сөзін айтудың өзі артық емес пе, қалай ойлайсыз?

Қалай десек те, заңға президент қол қойды. Оны орындау міндеті әрбірімізге жүктелмек. Сонымен, «анатомиялық сыйлық» болғыңыз келе ме, әлде ана дүниеге «бүтін» кеткіңіз келе ме, оны қазірден өсиет хат жазу арқылы анықтап қойғаныңыз абзал. Әйтпесе…

sn.kz