Президент пен премьер-министр Қазақстанның үздік кәсіпкерлерін марапаттады

0

Индустрияландыру күнін мерекелеу аясында»Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Асқар Мамин Қазақстан Республикасы президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын «Қазақстанның үздік тауары»,  «Парыз», «Altyn Oimaq», «Бизнес Кемелділік», «Іскер», «Ұлы Дала Елі» аталымдары бойынша марапаттады.

Салатанатты шара Конгресс-орталық ғимаратында өтті, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты.

Екінші индустриялық бесжылдық пен 2020-2025 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспары туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру рәсімі

Оның айтуынша, бағдарлама іске асырылған жылдары жаңа индустриялық база пайда болды, бұл еліміздің көптеген өңірінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етті.

«Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 43 триллион теңгеге өнім өндірді. Қараша айында өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі бір ай ішінде алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Саладағы еңбек өнімділігі $35,3 мың/адамға жетті. «, – деді Атамқұлов.

Ол сондай-ақ аталған кезеңде салада негізгі капиталға инвестициялар ағымы 4,5 триллион теңгеден асқанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, 2015 жылдан бері қазақстандық кәсіпорындар $70 миллиардқа өңдеу өнеркәсібі өнімдерін экспорттаған. Инвестициялар көлемі 5 триллион теңгеден асатын Индустрияландыру картасының 500-дан астам жаңа индустриялық жобасы пайдалануға берілді. 

«Бағдарлама өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының дамуын жаңа деңгейге шығарды», – деп нақтылады Атамқұлов.

Оның мәліметінше, металлургияда өндірістің шығару көлемі 2,2 есеге артты.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру рәсімі

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы кезеңінде машина жасауда өнім көлемі 1,2 есе, 1033 миллиард теңгеге дейін артты. Машина жасаудағы автоөнеркәсіптің үлесі 26%-ға дейін ұлғайды.

Химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі – 1,7 есе, фармацевтикалық индустрияда – 2 есе, жеңіл өнеркәсіпте 1,6 есе өсті. 

 

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз