Президент кеңесшісі: Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы бес есе жоғары болуы тиіс – Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты жаңарату қажет екенін мәлімдеді. Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов өзгерістер аясында еңбекақы жүйесін өзгертіп, осылайша еліміздегі жемқорлықтың төмендеуіне ықпал етуге болатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олжас Құдайбергенов

«Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы, әсіресе, еліміздің аймақтарында өте аз. Тіпті елорданың өзінде 100-150 мың теңге. 200, 300, 500 мың теңге алатындардың үлесі – небәрі 5%-ды құрайды. Осы мәселені шешуіміз керек. Мемлекеттік қызметкерлер бес есе жоғары жалақы алу тиіс. Бірақ олардың жауапкершілігі де артып, жемқорлықпен күреске белсене ат салысып, шетелдегі және мемлекетіміздегі қорлары тексеріске алынуы қажет», – дейді құдайбергенов. 
Сөзінше, халық егер елімізде әділ шенеуніктер көбейсе, бұл бастаманы қолдайтынын алға тартты. 

«Жемқорлыққа қатысы болып ұсталған шенеуніктер басқа жұмысқа ауыса салып жатады. Бұл жағдайдың түпкілікті түрде жоюлуы міндетті. Кейде пара алған қызметкер жазаланбай қалады. Егер осындай дүниелер сақталса, әрине, жұрт шенеуніктердің жалақасын көтеруге наразы болады», – деп қосты ол. 


Тоқаев: Егер азамат 250 мың теңге жалақы алса, ол 10%-дық салық төлемеуі керек
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз