«Посейдон» кешенінің сынақтан қашан өтетіні белгілі болды

0

Оны іске қосу алғашқы ұшқышсыз аппараттың тәжірибелі тасымалдаушысы, көп мақсатты «Белгород» атом су асты қайығының бортында өтеді

АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Ресейдің ұшқышсыз су асты кешені қашан сынақтан өтетіні белглі болды.

РИА Новости агенттігі 26 мамырда Ресей қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде «Посейдон» су асты аппаратының алғашқы ұшуы 2020 жылдың күзіне жоспарланғанын, әзірше жаңа жүйенің жекелеген тораптары мен агрегаттары сынақтан өтіп жатқанын хабарлады. Оны іске қосу алғашқы ұшқышсыз аппараттың тәжірибелі тасымалдаушысы, көп мақсатты «Белгород» атом су асты қайығының бортында өтеді. Ол «Посейдон» су асты аппаратына арнайы жасалып, 2019 жылдың сәуірінде суға түсірілді. Сынақтар 2021 жылға дейін созылды және сәтті аяқталған жағдайда «Белгород» пен «Посейдон» Ресейдің әскери-теңіз флотының құрамына кіреді.

Құрлықаралық ұшқышсыз қайықтардың бірінші штаттық тасымалдаушысы – әрі қарай жаздың басында суға түсіруді жоспарлап отырған «Хабаровск» атом су асты қайығы болады, содан кейін сынақ шамамен екі жылға созылады деп жоспарланып отыр. Бұл қаруды әзірлеу туралы Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылғы жолдауында жариялады.

Ұшқышсыз су асты қайығы

«Посейдон» – бұл ядролық энергетикалық қондырғысы бар стратегиялық құрлықаралық су аппараты. Ол 1000 метрлік тереңдікте 10 мың километрге дейінгі қашықтыққа 185 км/сағат жылдамдықпен қозғалуға қабілетті. Сынақ «Посейдонның» қайталанбас сипаттамасы мен ұшқышсыз шексіз жүре алатынын растады.

Ұзындығы 24 метр, диаметрі шамамен 1,6 метр аппараттың әдеттегі немесе мегатонды термоядролық оқ-дәрілермен жарақтандырылуы мүмкін, ол авиатасымалдағыш топтарын, стратегиялық су асты қайықтарының базасын, жаудың жағалау инфрақұрылымын жоюға арналған.

Ұшқышсыз режимде «Посейдон» дамыған су асты қайықтарына, қарсыластың ракеталарына қол жетпейтін тереңдікте және жылдамдықта қозғала алады. Автономды басқару жүйесі ағынға қарсы шептерді немесе басқа қорғаныс жүйелерін табуға және жеңуге мүмкіндік береді.

Өткен жылдың ақпан айындағы Конгрестегі тыңдаулардың бірінде STRATCOM басшысы Джон Хайтен «Посейдон» жаңа қару-жарақ ретінде СНВ-III келісімшартындағы шектеулерге бағынбайтынын айтты. 

«Хабаровск» су асты кемесі

«Хабаровск» – Ресейдің ең үлкен әскери құпияларының бірі. Ашық дереккөздерден алынған мәліметтер бойынша, кеме жаңа ядролық энергетикалық қондырғымен жабдықталған және бортта алты ұшқышсыз «Посейдон» алып жүруге қабілетті.

Су сыйымдылығы 10 мың тоннаға жуық, жылдамдығы 32 узелге дейін, бату тереңдігі 500 метр, автономдығы 120 тәулікке жетеді, 100-ден артық адам сияды. «Хабаровск» су асты кемесінің негізгі сипаттамалары құпия сақталған. 

«Посейдон» – Ресейдің технологиялық аппараттарының ішіндегі жалғыз құрал емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз