Порошенко 14 сәуірде стадиондағы пікірсайысқа баратынын мәлімдеді

0

Украина президенті Петр Порошенко қарсыласы Владимир Зеленскийдің пікірсайысты кейінірек өткізу туралы ұсынысына қарамастан 14 сәуірде Киевтегі Олимпиада стадионына баратынын мәлімдеді. Украинадағы президент сайлауының бірінші кезеңінен өткен Порошенко мен Зеленский бұған дейін пікірсайыс өткізуге келіскен, бірақ екеуі екі түрлі мерзімді атаған: Порошенко — 14 сәуір, Зеленский — 19 сәуір. Киевтегі Олимпиада стадионы пікірсайысты 14 сәуір және 19 сәуірде өткізу туралы өтініш түскенін растады.

Украинадағы президент сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірге белгіленген. Сайлаудың бірінші кезеңінде Зеленский Порошенкодан 15 пайызға көбірек дауыс жинаған. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі екінші кезеңде де оның көбірек дауыс жинауы мүмкін екенін көрсеткен.

Azattyq