Полиция сайлау нәтижесін жарамсыз деп тануды талап еткен ондаған азаматты ұстады

0

10 маусымда Алматыда кешкі сағат 18.00 шамасында Алатау театры маңына жиналған 50-60 шақты адамды полиция ұстап әкетті. Олардың арасында айтыскер ақын Ринат Зайытов, режиссер Еркін Рақышев та бар.

Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандар сайлау нәтижесін заңсыз деп тануды талап еткен. Сәлден соң алаңды қоршаған полиция жасақтары қарсылық білдірген негізгі азаматтарды әскери көліктерге отырғызып, алып кеткен. Әзірге оларды қай ауданға әкеткені белгісіз.

Оқиға орнында бір азамат есінен танып құлап қалған. Алаң маңында жүргендер оған көмектесіп, жедел жәрдем көлігін шақырған.

(Жаңалық толықтырылады).

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз