полиция апаттың нақты себебін атады

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Тергеу 26 маусымға дейін жалғасатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Елорданың полиция департаменті 26 наурыз күні елордада болған ірі жол-көлік оқиғасының себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаевтың айтуынша, №303 автобустың жүргізушісі есінен танып қалған.

«Біз қылмыстық іс қозғадық. Сот-медицина сараптамасына сәйкес, №303 автобустың жүргізушісі Оспанов есінен танған. Салдарынан жол-көлік апаты болды. Тергеу 26 маусымға дейін жалғасады», – деді Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Нұр-Сұлтандағы 3 автобус апаты

Айта кетсек, биыл 26 наурызда елордағы Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңына қатынайтын №303 автобус пен №12 автобус соқтығысқан. Кейін оларға №53 қоғамдық көлік пен жедел жәрдем көлігі соғылды. 

Жол апаты салдарынан 53 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы қыз қаза тапты. 30-ға жуық адам зардап шекті.

Сараптамаға сәйкес, автобус жүргізушісінің жүрегі ауырған. Сол күні жүрегі сыр беріп, қан айналымы баяулаған. Миға қан бармағандықтан, жүргізуші есінен танып қалыпты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз