Алматыда Тоқаевтың жолдауын қолдаған митинг туралы полиция пікір білдірді

0

Алматыдағы митинг кезінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Жергілікті атқарушы орган рұқсат еткен митинг штаттық режимде өтті. Тәртіпбұзушылық болған жоқ. Шараға жүзге жуық адам қатысты», – деп жазылған хабарламада.

Митинг кезінде Шевченко көшесінде (Пушкин және Қонаев көшелері араслығы) көлік қозғалысы тоқтады.

«Митингіге қатысушылар Қазақстан заңнамасын сақтады», – деді полицияда.

Еске сала кетсек, Алматыда карантин басталғалы алғаш рет рұқсат етілген митинг 13 қыркүйек күні өтті. Бейбіт жиынды өткізу мерзімі – 11.00-ден 14.00-ге дейін болды.

Белсенділер Шоқан Уәлиханов атындағы скверге жиналды. Олар кредиттік амнистия мен шетелдіктерге жерді жалға беруге тыйым салуды талап етті. Сондай-ақ, плакаттарда «саяси тұтқындарды босату туралы» талап та болды.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз