Плей-офф мәселесін өз алаңымызда шешуге тырысамыз

0

– Ертең бізді өте маңызды және өте ауыр ойын күтіп тұр. «Динамо» – біздің топтың үздігі. Сонымен қатар бізде бірқатар проблема бар. Ел біріншілігі аяқталған соң ойыншылардың деңгейі де аздап төмендеді. Соған қарамастан күн сайын жаттығу өткізіп жатырмыз. Ертеңгі кездесуде жеңіске жету үшін барымызды саламыз.

 Өткенде «Динамоға» қарсы ойын алдында бір-екі жолдастық кездесу өткіземіз деп едіңіз?

– Еліміздің және шетелдің мықты ұжымдарымен жолдастық кездесу өткізуге мүмкіндік болмады. Өйткені, маусым аяқталған соң командалардың бәрі қысқы демалысқа шығып кетті. Бірақ өз арамызда дубл ойыншыларымен матч болды.

— Ертең «Астана» үшін шешуші матч бола ма әлде барлығын соңғы турға қалдырасыздар ма? Жалпы, «Динамоның» мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

— Біз үшін маңызды матч. Ертең қандай жағдай болмасын «Динамоны» жеңіп, плей-офф мәселесін өз алаңымызда шешуге тырысамыз. «Динамоға» келер болсақ Еуропадағы мықты ұжымдардың бірі. Біз кез келген қарсыласты бағалаймыз және құрметтейміз. Ертең екі команданы да оңай ойын күтіп тұрған жоқ.