Піл браконьерді достарының көзінше өлтіріп тастаған – Қазақстан жаңалықтары

0

Крюгер ұлттық паркінде піл браконьерді таптап өлтірген деп хабарлайды Stan.kz

Піл браконьерді достарының көзінше өлтіріп тастаған

Браконьерлер тобы қорық аумағына заңсыз кірген. Аң атуға шыққан олардың ішіндегі біреуі агрессивті пілдің шабуылына тап болған. Піл достарының көз алдында ер адамды таптап өлтірген. Оқиға куәгерлері дереу саябақтан шығып, қаза тапқан адамның отбасымен байланысқан.

3 сәуір күні қорықтың қараушылары мен достары мәйітті іздеуге шыққан. Сүйектері келесі күні Крокодил көпіріне (Crocodile bridge) жақын жерден табылған.

«Оқиға орнында тек адам бас сүйегі мен шалбары табылды. Жобалауымызша,  ер адамның мәйтіне аш арыстандар үйірі шабуыл жасаған», — деді рейндже Дон Инглиш (Don English).

Жергілікті полицияның мәліметінше, заңсыз аң аулауға шыққаны үшін үш браконьер қамауға алынды. Іс бойынша бірінші тыңдау 5 сәуір күні өтті. Оларға қорықтың аумағына заңсыз кіріп, атыс қаруы мен оқ-дәрілер лицензиясының жоқтығына қарамастан, заңсыз аң аулауға байланысты айып тағылды. Қайта тыңдау 12 сәуірге тағайындалды.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз