Павлодарлық журналист Sputnik Қазақстанның арнайы жүлдесін алды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Арнайы сыйлық иегері ТМД елдерінің бірінде тағылымдамадан өтуге жолдама алды. Ол журналистерге арналған тренингтерге қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы үздік шығармашылық жұмыс үшін арнайы жүлде тағайындады. Марапатқа «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген байқауға қатысқан тілші ие болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алты жылдығына орай бұқаралық ақпарат құралдары арасында байқау жарияланған болатын.

Sputnik Қазақстанның арнайы жүлдесінің иегері  ТМД елдерінің бірінде тағылымдамадан өтуге жолдама алды. Ол жас журналистерге арналған SputnikPro бағдарламасына қатысады.

«Қазақстанда мұндай арнайы жүлде алғаш рет табысталып отырған жоқ. SputnikPro бағдарламасы түрлі БАҚ-тағы журналистерді тағылымдамаға жіберуге мүмкіндік береді. Оның арқасында тәжірибе жинақтайды. Біз жақында Қазақстанда журналистика саласына қатысы бар адамдарға арналған тренинг ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Оған журналистика факультетінің студенттері, журналистер мен баспасөз хатшылары қатыса алады», — деді «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов.


©
Sputnik / Владислав Воднев

«Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов марапаттау рәсімінде

Sputnik Қазақстанның экономика бойынша арнайы жүлдесіне «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Павлодар облысындағы тілшісі Ирина Волкова ие болды.

Жүлде Иринаға Sputnik Қазақстан кеңсесінде табысталатын болады.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген  маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Sputnik Қазақстанның арнайы жүлдесіне «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Павлодар облысындағы тілшісі Ирина Волкова  ие болды

Sputnik – елдер мен өңірлердегі 32 тілде интернет сайттар мен аналогтық және цифрлық радио хабар тарататын ірі халықаралық БАҚ-тардың бірі. Орыс, ағылшын, француз тілінде ақпарат таратады. Әлемнің 90-нан астам елінде және интернетте өз оқырманы бар.

Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы жетекші әлемдік басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат ұсынады. Sputnik ақпарат ресурсының аудиториясы  —  айына 60 миллион. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеу қаласында.



sputniknews.kz