Павлодарда жұмысшылар асфальтті батпаққа төсеген

0
23 Қараша 2018, 13:45 192 0

Фото: pavlodartoday.com

Астана, BAQ.KZ. Павлодар қаласының тұрғындары асфальтті батпаққа төсеген жұмысшыларды көріп жағасын ұстады. Бұл туралы pavon.kz хабарлайды.

Жұмысшылар асфальтті болашақ ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін жерге төсеген.

Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған аумақ жекенің қарамағында екен. Кәсіпкер сауда-саттық жасайтын орынды меценат ретінде ұсынып қоймай, орынды өзі дайындауға кіріскен.

«Егер қаржы бюджеттікі болмаса, аталған процесс бақылауға алынбайды. Ең бастысы уақытында үлгеруі керек», — дейді қалалық әкімдіктегілер.

Осы аптаның сенбісінде аталған аумақта әлеуметтік жәрмеңке өтеді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ