Павлодарда өмір бойы сотталғандарға арналған колония сатылып жатыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодарда өмір бойы сотталғандарға арналған колонияны бөліп сатып жатыр. Оған республикалық бюджеттен шамамен 4 миллиард теңге жұмсалған, бірақ ғимарат аяқталмай қалған, — деп хабарлайды КТК арнасы.

1500 тұтқынға арналған арнайы коллонияны тұрғызу жұмыстары 2000 жылдың басында басталған. Содан кейін құрылыс тоқтап, 12 мың гектар жері бар кешен қалаға берілді. Шенеуніктер ғимаратта не мақсатта пайдалануға болатынын ұзақ ойланған.

 Олар түрмеде мейрамхана, қонақүй ашып, оны тіпті өндірістік орындарға бергісі келген, бірақ жалғыз камералар мен жаза камераларын ешкімнің сатып алғысы келмеген көрінеді.

Нәтижесінде әкімдік нысанды бөліп-бөліп сату туралы шешім қабылдады. Нысанды сатып алатын адам табыла ма 13 наурызда белгілі болады.

«Біз оны жұмыс істетуге тырыстық. Біз учаскелерді бөліп алдық, яғни бір үлкен кешенді 11 телімге бөліп, аяқталмаған құрылыстың 11 нысанын салдық. Алайда қазіргі жағдай осы», — дейді Павлодар қаласы әкімдігі қаржы бөлімі басшысының орынбасары Асығат Ахметов.

stan.kz