Павлодарда интернет арқылы алаяқтықпен айналысқан топ ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодарда әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодарда интернетте алаяқтық жасады деген күдікпен Павлодар қаласының екі тұрғыны ұсталды.

Павлодарлық алаяқтар былай жұмыс істеген: олар интернетте («Колеса» және «OLX» сайттарында) автомобиль бөлшектерін арзан бағамен сататыны туралы жарнама жариялаған. Тапсырыс қабылдап, тауардың толық сомасын банк картасына алдын ала жіберуді сұрайды және тапсырыс берілген тауарды жіберуге уәде береді. Ақшаны алған соң қылмыскерлер біраз уақыт курьердің нашар жұмысын сылтауратып, уақыт созып, кейін телефонды өшіріп тастайды.

10 адам алаяқтарға алданған. Тауар сатып алу бағасы 40-100 мың теңге аралығында болды. Күдіктілердің бірі Павлодардағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

stan.kz