Павлодар тұрғынынан мас күйінде жолға шыққаны үшін төрт баласын тартып алды — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодарда түнде мас әйел автокөліктің нөмірінсіз жүрген. Көлікте төрт кәмелетке толмаған бала болды. Құқық бұзушыны полиция ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодарда, түнгі сағат үштерде полиция ВАЗ-2107 көлігін басқарып жатқан 30 жастағы әйелді тоқтатты.

Оның кәмелетке толмаған төрт баласы автокөлік салонында болды — он, жеті, үш және бір жасар балалар, деп хабарлайды Polisia.kz.

Медициналық сараптама әйелдің мас күйінде көлік жүргізгені анықтады.

Құқық бұзушы үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Мамандандырылған әкімшілік сот әйелді жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Павлодар қаласының тұрғыны мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен жүргізбегені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл үшін оған 10 АЕК, яғни 26 510 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, әйелден балаларын алып кетті. Үшеуі облыстық қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді. Бір жастағы баланы облыстық балалар ауруханасында қарап, «Бала үйіне» орналастырды.

Қала тұрғынына қатысты кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл үшін 10-нан 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе бес күннен 10 күнге дейін қамауға алынады. Іс материалдары сотқа жолданды.

Жыл басынан бері полиция 235 мас жүргізушіні ұстады. Тәртіп сақшылары жол ережесін сақтауды еске түсіреді.

stan.kz