Павлодар облысында тұрғындар мен полицейлердің қақтығысы видеоға түсіп қалды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Мобильді бекетке 30-ға жуық азамат келіп, мүлікті зақымдаймыз деп қорқыту арқылы полиция қызметкерлерінің кетуін талап еткен

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар мен полиция арасындағы қақтығыс көрініс беретін видео тарады. Павлодар облысының полиция департаменті Қалқаман ауылының маңында болған осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«13 мамыр күні Қалқаман ауылының маңында орналасқан мобильді бекетке Ақсу ауданы Береке ауылының тұрғындары өндірілген «микросфера» күл-қожды шикізаттын тасымалдау бойынша жүгінген. Олардың қолында тиісті құжаттары болмаған», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

13 мамырда сағат 17.30-да ауылдың 30-ға жуық тұрғыны автокөлікпен келіп, күш қолданып, мүлікті зақымдаймыз деп қорқытып, полиция қызметкерлерінен бекеттен кетуін талап етті.

Жергілікті тұрғындардың іс-әрекетін полиция қызметкерлері, соның ішінде арнайы қаруды қолданып, ауаға оқ ату арқылы тоқтатты.

Осыдан кейін жағдай шешіліп, жергілікті тұрғындар бекет орналасқан жерден кетті.

Арнайы қаруды қолдану фактісі бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қылмыстық кодекстің 361-бабының 1-бөлігі («лауазым өкілеттігін қызмет мүдделерiне қайшы пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Ол үшін ірі көлемде айыппұл салу немесе екі жылға бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылады.

Облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі («Билік өкiлiнің өз қызметiн атқарумен байланысты міндетін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарының өмiрi мен денсаулығына қауiпті емес күш қолдану қатерін төндіру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Видео авторы ауыл тұрғындары тарапынан айтылған қоқан-лоқы мен видеоның соңын алып тастаған. Ол жерде полиция қызметкерлері осы тұлғалардың заңсыз іс-әрекетін түсіндіреді», – деп атап өтті полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Оқи отырыңыз: Полицей Қазақстанның туын алу үшін суға түсті – видео

Полиция мобильді бекеттерді қою арқылы өңірде мал ұрлығының саны 35%-ке қысқарғанын айтты. Бұл мобильді бекет елді мекеннен алыс орналасқан (15 шақырым) және адамдардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтірмейді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз