Паспорт арқылы: ЭЦҚ-ны қашықтан алудың жаңа жолы айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Енді қазақстандықтар ЭЦҚ-ны паспорттың көмегімен қашықтан ала алады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтарға паспортқа балаларының суретін жабыстыруға бола ма? ІІМ түсіндірді

Қызметті пайдалану үшін электрондық үкімет порталына кіріп, «қызметтер» өрісін басып, тізімнен «ЭЦҚ-ны қашықтан алу» тармағын таңдау керек.

Бұдан әрі кілттерді алу бойынша стандартты процедурадан өту қажет. ЭЦҚ алу үдерісін қадамдық нұсқаулықтан танысуға болады.

«Осы уақытқа дейін ЭЦҚ қашықтан алған кезде кейбір жағдайларда жүйе куәліктің ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты құжат иесін сәйкестендіре алмады, сондықтан пайдаланушының өтінімі модерацияға жіберілді, бұл қосымша уақытты талап етті. ЭЦҚ-ны алу кезінде балама жеке куәлік ретінде паспортты пайдалану қашықтағы форматты сәйкестендіруді жеңілдетеді, соның ішінде жеке куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда да», — деді цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны автоматты сәйкестендіру процесінен өтіп, қашықтан алуға болады. Бүгінде ЭЦҚ-ны жеке және заңды тұлғалар ала алады. ТЖ кезеңінде 274 мың ЭЦҚ берілді.

 

stan.kz