ПАРАДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

0

Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде парадзюдодан халықаралық турнир аяқталды.

Облыс спорты тарихында алғашқы мəрте ұймдастырылған дүбірлі бəсекеге Грузия, Румыния, Ресей, БАƏ, АҚШ жəне Қазақстан құрама командаларынан 100-ге жуық спортшылар 8 салмақта жүлделерді сарапқа салды.
Халықаралық турнирге қатысушылардың қатарында Қазақстан Паралимпия спорты тарихындағы алғашқы Əлем чемпионы Олжас Оразалыұлы, Азия чемпионатының қола жүлдегері Теміржан Дəулет, Əлем чемпионатының қола жүлдегері Əнуар Сариев, Əлем жəне Паралимпиада ойындарының чемпионы Звиат Гогочури, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александру Болога, Əлем чемпионатының қола жүлдегері Гиорги Гамджашвили бар.

Турнирдің салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов пен ҚР парадзюдо федерациясының президенті Қанатқали Дусалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сəттілік тіледі.
Ұйымдастырушылар тарапынан турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медаль жəне қаржылай сертификаттармен марапатталды.
1-орынға 120 мың, 2-орынға 80 мың, 3-орынға 40 мың теңге көлемінде сертификаттар берілді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші, Грузия екінші, Румыния үшінші орындарды иеленді.


ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР:
-60 келі:
1. Александру Болога (Румыния)
2. Əнуар Сариев (Қазақстан)
3. Əділет Адамбеков (Қазақстан)
3. Аскан Құрмышев (Қазақстан)
-66 келі:
1. Гиорги Гамджашвили (Грузия)
2. Азамат Нокушев (Қазақстан)
3. Нұрбек Мұрат (Қазақстан)
3. Олжас Оразалыұлы (Қазақстан)
-73 келі:
1. Ерғали Шамей (Қазақстан)
2. Бачуки Шелиа (Грузия)
3. Амандық Бақтығалиев (Қазақстан)
3. Мерей Нұрсейтов (Қазақстан)
+78 келі:
1. Зарина Байбатина (Қазақстан)
2. Айдана Кенжебай (Қазақстан)
3. Əсем Аманбек (Қазақстан)
-81 келі:
1. Теміржан Дəулет (Қазақстан)
2. Темірболат Ташекенов (Қазақстан)
3. Абылай Əділбеков (Қазақстан)
3. Тариел Удзилаури (Грузия)
-90 келі:

1. Ғалымжан Смағұл (Қазақстан)
2. Автандил Киртикадзе (Грузия)
3. Тиес Рики (АҚШ)
3. Асылбек Алпишев (Қазақстан)
-100 келі:
1. Звиат Гогочури (Грузия)
2. Гудридж Бен (АҚШ)
3. Ерлан Өтепов (Қазақстан)
+100 келі:
1. Реваз Чикоидзе (Грузия)
2. Олег Буранко (Қазақстан)
3. Талғат Ажғалиев (Қазақстан)