«Өзім де алданып қалдым»: Әнші Айқын «Гарант 24» жарнамасына түскені үшін кешірім сұрады – Қазақстан жаңалықтары

0

«Гарант 24» жарнамасына түскен Айқын Төлепберген көпшіліктен кешірім сұрады. Айтуынша, ол да алданып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айқын

«Құрметті достар, мен Айқын Төлепберген кеше ғана жабылып қалған «Ломбард 24» туралы өз пікірімді білдірсем деймін. Ол компанияға менің ешқандай қатысым жоқ. Мен де сіздер сияқты алданып қалдым. Ол жерге мені досым ертіп барған еді. Яғни, көлігіңді қымбатқа сата аласың немесе арзанға көлік аласың деді. Мен де сіздер сияқты олардың құжаттарына сендім. Қазақстан бойынша олардың филиалдары көп екен. Тіпті кейбіреуі арзанға үй сатып, қымбатқа көліктерін де сатқанын көрдім. Бірақ ақшаны салып екі есе пайызбен алатыны туралы естімедім. Мен тек қана көлікті қымбатқа өткізуге болатыны туралы айттым. Сөйтіп арзан бағаға шығатын көлікті күттім. Бірақ алданып қалдым. Кейбір достарым арзанға көлік сатып алған. Мен солүшін де жарнамаға түскен едім. Бірақ маған сеніп сол компанияға алданып қалғандарыңыз болса, кешірім сұраймын», – деді Айқын Төлепберген өзінің Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, әнші егер бұл компанияның қаражатты пирамида екенін білгенде жарнамаға түсуге келіспеуші едім деп ақталды. 
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз