Өзбекстанда ішкі рейстерге арналған әуе компаниясы ашылмақ

0

Өзбекстанда ішкі рейстерге арналған Humo Air атты жаңа әуе компаниясы ашылады. Бұл туралы 18 қаңтарда елдің премьер-министрі Абдулла Арипов мәлімдеді.

Оның сөзінше, жаңа әуе компаниясы арзан бағаға Өзбекстанның қалаларына ұшады. Премьер жаңа компанияны құруды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ұсынғанын айтты.

Үкімет жаңа әуе компаниясын биылдан бастап ашуды жоспарлайды.

19-20 ақпанда Өзбекстанда әлемдік авиация форумы өтеді. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, жаңа әуе компаниясы осы шарада таныстырылуы мүмкін.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз