«Өз балаларымдай болып кетті»: Павлодар облысының тұрғыны блок-бекет қызметкерлеріне ыстық ас тасып жүр – Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодар облысында Сәния Жақпарова есімді әжей өзі тұратын ауыл маңында орналасқан блок-бекетті күзетіп жүрген қызметкерлерге қамқорлық көрсетуде. Кейуана полицейлерге өз балаларындай қарап, тіпті, оларға күн сайын ыстық тамақ тасып жүреді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

әжей

Сәния Жақпарова

Шарбақты ауылында орналасқан блок-бекеттен күніне ондаған көліктер өтеді. Бұл жерді күзетіп тұрған қызметкерлер жүргізушілердің рұқсат қағазадрынан бөлек, олардың дене қызуын да тексереді екен. Күні-түні бекеттерді күзетіп тұратын сақшыларға жаны ашыған кейуана олармен өзі пісірген ыстық тамақпен бөлісіп жүрген көрінеді. 

Сәния Жақпарова блок-бекетке жақын ауылда тұрады. Айтуынша, үйде жасаған ыстық астан бөлек ол құрт, түрлі салаттар мен басқа да тіскебасар тамақтарды полицейлерге әкеліп береді. Қазіргі ауыр жағдай, әсірісе, тәртіп сақшыларына қиынға соғуда екенін түсінемін дейді ол. 

«Бұл жүрде жүрген қызметкерлер менің балаларымның құрдастары ғой. Тамақ алып барып беріп, оларды сабырлыққа шақырамын. Бұл вирус тезірек елімізден кетсе екен дегім келеді. Бекеттегі қызметкерлерге сабыр тілеймін», – дейді әжей. 

Бекет қызметкерлері Сәния апайдың тамағы тіл үйірерлік дейді. Полицейлер зейнеткердің олардың  анасы секілді қамқорлық көрсетіп жүргенін айтады.  Тұрғындардың мұндай жақсылығынан кейін қалай қызмет етпейсін дейді олар. 

«Қиын-қыстау кезінде бізге жанашырлық танытып жүрген әжейге алғысымыз шексіз», – дейді бекет қызметкері.

Бір отбасыдай болып кеттік деген полицейлер карантин бітіп, блок-бекеттер алынғаннан кейін Сәния апайды үйімізге шақырып, отбасымызбен таныстырамыз дейді. 

Павлодар облысында орналасқан блок-бекеттердің арасында бұл пунк ең тынышы көрінеді. Оның себебін полиция қызметкерлері бізді желеп-жебеп жүретін Сәния апайымыздың арқасы деп түсіндіріпті. 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз