«Отбасымды асырау үшін»: Қарағандылық жігіт маникюр жасау үшін өз мамандығын тастап кеткен – Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағанды қаласының тұрғыны Медетбеков Теміржан отбасын асырау мақсатында маникюр жасаумен айналысады. Айтуынша, оның клиенттер көп екен, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ниет» бағдарламасына сілтеме жасап. 

маникюрші
«Қазақстанда бұрын шаш алатын еркектер болмаған. Олар қазір көп. Қазақстан бойынша маникюр жасайтын еркек адам жоқ қой деп өзім ішімнен ойладым. Қазір отбасымды асырау үшін мен маникюрден басқа ақша табу көзін көрмей тұрмын. Тап қазір осындай жағдайдамын. Ақша жетіспеушілігінен осы салаға келіп отырмын. Осы салаға келгелі жігіттік намысымды жоғалтқан жоқпын. Әйелімді және баламды қорғай аламын. 16 келілік гірді де көтере аламын. Мысалы студент кезде «Жігіт сұлтанында» 57 рет көтердім. Жігіттік қасиет бар менде. Ол сақталған. Әйелдің жұмысын істеп жүріп, әйел жаққа кетіп қалған жоқпын», – дейді Теміржан Медетбеков.

Қазір маникюр жасаумен айналысып жүргенімен, кейде өзінің металлург мамандығын сағынады екен. Бірақ ол металлург саласында жұмыс істегенше маникюрші болу жүз есе артық екенін айтады.

«Бұрынғы кәсіпті сағынамын. Негізі анда-санда еске алып қоямын. Металлург жұмысы оңай емес қой. Қазіргімен салыстырғанда жұмысым 100 есе жеңілірек. Ақшасы жақсы болған соң маникюрді таңдаған шығармын. Күніне бес-алты адам келеді. Негізі басқа сала таңдауыма болар еді. Бірақ мникюр мамандығы өзіме жақынырақ болды. Өйткені жастайымнан суретті жақсы салатынмын. Металлург болғаннан гөрі маникюрші болу жүз есе артық», – дейді.

Маникюрмен айналысатынын анасы мен жолдастары тек бір жылдан кейін ғана білген. 

«Негізі басында бастағанда жолдасым екеуміз ешкімге айтпауды шештік. Ары қарай алып кете алмайтын шығармыз деп ойладық. Сөйтіп бір жылдай айтпағанбыз. Кейіннен инстаграм арқылы біреулерден естіп білді. Содан кейін маникюрмен айналысатынымды айттым. Оның алдында ол кісілерге өзімнің басшы екенімді айтатынмын. Өкінішке орай, әкем жоқ. Ол кісі ерте қайтыс болған. Анам таңдау өз еркімде екенін айтты», – дейді Теміржан.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз