Отағасының желіде жарияланған суреті бүтін бір отбасының өмірін өзгертті

0
Отағасының желіде жарияланған суреті бүтін бір отбасының өмірін өзгертті


АҚШ-та журналистің желіде жариялаған суретінен кейін, бір отбасының өмірі өзгерді.

Ол дертке шалдыққан әйелге жәрдемдесті.Журналист Лилит Маркус желіде супермаркетте жүрген ер адамның суретін жариялады. Онда ер адамның рюкзагына қағаз жапсырып алғаны байқалады. Қағазда ол «Әйеліме бүйрек керек. В+ (үшінші қалыпты қан тобы – ред.)» деп жазып қойған. Сонымен қатар телефон нөмірін көрсетіпті. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін суретті бірнеше мың қолданушы бөліскен. Олардың ішінде актерлер Зак Брафф, Эван Рэйчел Вуд, Сара Хайленд, теннисші Мартина Навратилова бар.

Анықталғандай, суреттегі ер адам Рэймонд Томпсон есімді азамат болып шықты . Ол әйелі және 4 жасар қызымен бірге Бруклинде тұрады екен. Екі жыл бұрын әйелінің бүйрегі ауыратыны анықталыпты. Томпсонға әлем бойынша көптеген адам хабарласып, көмек қолын ұсынғанда, ол таңданып қалыпты. Артынша әйеліне бүйрегін беретін адам табылды. Десе де отағасы ешкімнен ақша алмайтынын айтты. Отбасы отаға қажетті шығынның барлығын медициналық сақтандыру арқылы жабуды жоспарлап отыр. Өз кезегінде журналист Лилит Маркус бұл оқиғаның өз өмірін де өзгерткенін мойындады. Осы жайттан кейін ол сүйек кемігінің доноры болуды ұйғарып, қан тапсыра бастаған.

Дереккөз: stan.kz