ОСК-ға тоғызыншы кандидат құжат тапсырды

0

Жексенбі, сәуірдің 28-і күні орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауына қатысуға ниет білдірген Жұматай Әлиевтің құжат тапсырғанын хабарлады. Оны «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Ашық дереккөздеріндегі мәліметке сәйкес, Жұматай Әлиев 1952 жылы Жамбыл облысында туған. Ленинград мемдекеттік университетінің философия факультетін бітірген. Алматы халық шаруашылығы институтында да жоғары білім алған.

Ұзақ жылдар бойы университетте сабақ берген. 1997-2001 жылдары Орталық Азия университетін басқарған. 2012-2016 жылдары аралығында парламент мәжілісінің депутаты болған. 2013 жылы Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізу мақсатында жасанды түсік жасатуға тыйым салу туралы бастама көтерген.

Қазақстанда президенттікке үміткерлерді ұсыну кезеңі 28 сәуірде кешкі сағат 18:00-де аяқталады.

Бұдан кейін кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады. Елде кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз