Ораза кезінде антисептиктер мен спиртті қолдануға бола ма? — Қазақстан жаңалықтары

0

Ораза кезінде антисептиктер мен спиртті қолдануға рұқсат етілген бе, ол жайлы ҚР бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Коронавирустың алдын алу үшін антисептиктер мен спирт қолданылады. Бұл сіздің оразаңызды бұзбайды. Бұл қарапайым жағдай емес, төтенше жағдай. Мұндай жағдайларда денсаулықты сақтау үшін белгілі бір заттарды пайдалануға қолдау көрсетіледі», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы ОКҚ брифингінде сұрақтарға жауап беріп.

Бұған дейін Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айының басталу күнін жариялаған болатын.

Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының зерттеулеріне, сондай-ақ көршілес Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің діни басқармаларымен кеңесуге сүйене отырып, қасиетті Рамазан айының басталу күнін белгіледі.

«Біздің еліміздің барлық мұсылмандары күткен қасиетті Рамазан айы 24 сәуірде басталады», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы брифингте.

stan.kz