Оралдық 8 жасар бала мұздай суға шомылып, жарысқа тайындалады – Қазақстан жаңалықтары

0

Қысқы жүзу жарыстарында Оралдық оқушы Қазақстан атынан қатысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар» арнасына сілтеме жасап. 

Алан

Қазіргі таңда 8 жасар Алан өзінің кезекті сапарына дайындалуда. Бала «морждар» отбасында дүниеге келген. Мұзды судың не екенін, ол бірнеше айлық болғанда білген. 

«Баламды нәресте кезінен-ақ мұзды суға шомылдыра бастадық. Әйелім оның басын жауып тұрады, мен болсам, оны мұзды суға шомылдыра бастаймын. Біздің баламызда көнгеннен басқа амал жоқ еді»,- дейді әкесі Төреғали Ғабдулов.

Алан алғашқы медальдарын бірнеше жыл бұрын Петрозаводскіден әкелген. Ол жақта қысқы жүзуден халықаралық жарыс өткен. Қазір оның бес марапаты бар – екі күміс және үш қола.

«Менің ойымша, ол Қазақстандағы мұзды суда жүзетін жалғыз бала. Мүмкін, малынып шығатындар бар шығар. Алан баттерфляй жүзу стилі бойынша Қазақстандағы ең алғашқы медальды алды. Мұндай медаль болған жоқ. Баттерфляй, фристайл, брасс стилі бойынша – жарыстың осындай деңгейлерінде ол жалғыз медальға ие. Оның үстіне бұл спорт түрі жас болыр саналады»,- дейді әкесі.

Толық жаттығу үшін спортшы бассейнде жаттығуы керек. Бірақ жалғыз мемлекеттік хауыздың жөндеуге жабылғанына бір жыл болды. Жеке хауызға баруға отбасының мүмкіндігі жоқ. Алдағы жоспар Санкт-Петербургтегі жарысқа қатысу. Қарсыластар мықты болады.

«Қазір менің жаттығуларым аз. Бір уақытта 3 стильде жүзбеймін, тек біреуімен ғана жүземін, өйткені жаттығатын орын жоқ. Егер брасспен мұздың астына сүңги алсам, баттерфляймен мұзда жүзе алмаймын. Арқамен жүзу ыңғайлы, мұздың соңын көріп, оны ұстап қалуға болады»,- жүзгіш Алан Ғабдулов.

Бала жарыстарға қатыса алуы үшін ата-анасы қарызға батып, несие алуда. Алайда, қамқорлық көрсетіп жатқан қазақстандықтар да аз емес.

«Мен ешқашан мұзды суда жүзе алмайтын едім. Ол шынымен де ерекше бала. Алан халықаралық жарыстарға қатысатын Оралдан шыққан жалғыз бала. Ол – Қазақстанның өкілі. Оның жарыстарға қатысуы үшін қаражат жетпей жатқанын білген соң, командамен көмектесуді жөн көрдік»,- дейді «Uralsk runners» қозғалысының белсендісі Асель Мырзахметова.

Мәселе, қысқы жүзу – Қазақстанда әлі күнге дейін танымал емес спорт түрі болғандығында. Сондықтан оған жергілікті спорт басқармасы да көмектесе алмайды – бюджетте қаржыландыру қарастырылмаған. Барлығы демеушілерден үміттенеді. Алайда, қандай нәтиже болмасын, кішкентай бала рухтың, батылдықтың, ең бастысы – өзін жеңудің үлгісі болып қала береді.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз