Оқушылар Елбасы мақаласын талқылады — Руханият|28 Қараша 2018, 19:41

0
28 Қараша 2018, 19:41 258 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Nurorda мектебінде «Ұлы даланың жасампаз жастары» атты республикалық ашық сабақ өтті.

Шараны «Білім-Инновация» және «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырды. Оған аталған қорға қарасты 30-дан астам білім беру мекемелерінің ұстаздары, ата-аналар және оқушылар онлайн телекөпір арқылы қатысты.

Ашық сабақ барысында оқушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы мәселелерді талқыға салды. Олар еліміздің мәдени және рухани дамуы үшін маңызды болып саналатын алты ірі жобаға қатысты өз пікірлерін білдірді.

«Бүгінгі республикалық ашық сабақ барысында оқушылар ақпараттық, инновациялық технологияларды және виртуалды қосымшаларға негізделген әр түрлі бағдарламалар мен бірқатар әдістерді қолдану арқылы мақаланы жоғары деңгейде талқылап шықты. Әрине 1 сағат көлемінде Елбасының көтерген мәселелерін шешу мүмкін емес, оны алдағы уақытта осындай ашық сабақ шеңберінде талқылап қана қоймай, практика жүзінде іске асыру қажет деп санаймын», — дейді «Білім-Инновация» лицейлерінің әдіскері Арыстан Сатанов.

Ал аталған лицейдің 10-сынып оқушысы Аймар Әбсатаров ашық сабақтың өзіне ұнағанын айтады.

«Сабақ қызықты өтті. Елбасының жаңа мақаласын талдау арқылы құжатта болашаққа бағдар беретін нақты тапсырмалар айқын көрсетілгеніне көз жеткіздім», — дейді ол.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ